Күш атасы
№1 кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай есімі спорт тарихында алтын әріптермен жазылған, әлемге аты жайылған атақты қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының -150 жылдық мерей тойы «Күш атасы» атты әдеби дайджест өткізілді. Шарада біріншіден балуанның өмірбаяны кеңінен айтылып, әлемді мойындатқан жетістігі туралы мәліметтер айтылды. Қажымұқанды жырлаған қазақ ақын-жазушылары шығармалары таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.







