"Жаяу Мұса" романы
А.С.Пушкин атындағы Орталық кітапхана Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жазушы, аудармашы Зейтін Ақышевтың "Жаяу Мұса" романы бойынша кітапхананың белсенді оқырмандары қатысуымен кітап талдауын ұсынады. Шарамыздың басты мақсаты - өткен тарихымыз бен бүгінгі заманға дейінгі Мұса өмірін суреттеу арқылы XIX ғ. екінші жартысы мен XIX ғ. мен XX ғ. бас кезіндегі қазақ даласының жай-күйін, оның саяси-әлеуметтік бет-бейнесін көрсеткен шығармаларын оқудағы қазіргі жастарымыздың көзқарастары мен ойларын ортаға салу.
Зейтiн Ақышевтiң бұл романы атақты өнерпаз, композитор, батыр жiгiт ретiнде елге танылған Мұса Байжановтың өмiр жолына арналып, автор шығармада сол кезеңнiң басты қайшылықтары, адамдар арасындағы теңсiздiк, қазақ ауылдарының тұрмыс-тiршiлiгi, орыс қоныстанушыларды суреттеген. Шығармада Мұсаның балалық шағының ауыр кезеңдерi оқырманды бей-жай қалдырмайды. Оқырмандар романды талдау барысында Мұсаның генерал Черняев, Шоқан Уәлихановпен танысқаны және де атақты Мұса, Мұстафа Шормановтар бейнесiне тоқталып, өз ойларын ортаға салып, өскелең ұрпақты кітап оқуға шақырды.







