Қорқыт –тарихи тұлға, мәңгі есім

    №3 кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» аясында бүкiл адамзат рухани қазынасының аса көрнектi өкiлi Қорқыт Атаның мұрасын кеңiнен насихаттау мақсатында «Қорқыт –тарихи тұлға, мәңгі есім» атты онлайн кеш өткізілді.
Барша түркі жұртының кемеңгер ойшылы және гуманисі Қорқыт Ата – әлемдік ақыл-ой тарихындағы оқшау тұлғалардың бірі. Әулиелігімен, даналығымен, өнерімен, өмірге деген ғашықтығымен әлемге әйгілі болған Қорқыт Ата жалпы түркі әлеміне ортақ ғұлама.
Шара барысында Қорқыт атаның өмірде ізі, артында мәдеби-музыкалық мұрасы қалған тарихи тұлға екендігі айтылып, кешке жиналған оқырман қауымға Ұлы бабаның өмірінен мол мағлұмат берілді. Кітапхана оқырмандары ақын арнауларын оқып, күйлерінің тарихы туралы әңгімелер айтылды. «Ұлы даланың Ұлы тұлғасы» тақырыбында Қорқыт мұрасынан Қорқыт туралы жазылған әдебиеттерден кітап көрмесі ұйымдастырылды.

29 сәуір 2021 ж. 15

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам