Татулық- достықтың киелі бесігі
№6 кітапхана Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Татулық- достықтың киелі бесігі» атты виртуалды кітап көрмесін оқырман назарына ұсынады.
Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Дүрбелеңге толы бүгінгі заманда Қазақстан басқаларға ұлтаралық татулықтың, бір-бірінің құқығын бұзбай, өзара сенімділікпен өмір сүрудің нағыз үлгісін көрсетіп отырған бақытты ел. Кітап көрмесінде ұлтымыздың ұлы мұраттары мен халықтар достығын, түрлі этнос өкілдерінің әдет-ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті жайлы әдебиеттер насихатталып, оқуға ұсынылады.







