Кітап –біздің досымыз

      №13 Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №257 мектептің акт залында  23- сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау  күніне арналған   «Кітап –біздің досымыз» атты кітап мерекесі өткізілді. Мерекелік шара мектеп директоры Ибраев Бекзат мырзаның құттықтау сөзімен ашылды.   Шараның мақсаты  жастарды руханиятқа ұмтылдыру, ана тілін білуге қазақтың қарымды қаламгерлерінің шығармашылығымен  сусындатуға, өз елінің тарихи тұлғаларын  білуге тәрбиелеу. Мерекелік шара барысында  кітапхана оқырмандары А.Байтұрсынов, А.Құнанбаев, М. Жұмабаевтың өлеңдерін оқыды. Адамның рухани жан дүниесіне демеу беретін туындылар таныстырылып, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған бейне слайдтар көрсетілді. Оқырман балалардың қызығып оқитын ертегі кітаптарынан «Кітап рухани қазына» атты кітап көрмесі  жасалып,  оқырмандардың білімдері мен тапқырлықтарын байқау мақсатында  кітап туралы викториналық сұрақ-жауап ойыны өткізілді. 

23 сәуір 2019 ж. 1 337

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам