Әже өнегесі, ата ақылы

    №4 кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында  15 мамыр Отбасы  күніне  «Әже өнегесі, ата ақылы» атты танымдық кеш өткізілді. 
    Адам баласы өмір көшінде қандай кезең, қандай заман, қандай кез келсе де, ұрпақ қамын, оның тәрбиесін бір сәтте де ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс. Халқымыз ежелден салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, тілін, дінін, өнеге - өсиетін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған.
Қазақ халқында ата-әже тәрбиесін көріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскен баланың сана-сезімі, көзқарасы басқалардан ерекше болып қалыптасады. Таптырмас ғибраттың үлгісі болып табылатын ата мен әже ұлтжанды ұл мен қылықты қыз тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Әже өнегесі – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі, парасаттылықтың негізі.

13 мамыр 2021 ж. 726

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам