Отбасы-Отанымыздың ошағы
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында «15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне желі пайдаланушылары назарына «Отбасы-Отанымыздың ошағы» атты онлайн кітап көрмесін ұсынды. Көрменің мақсаты: Отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Отбасымен қызықты кітап оқып, отбасылық бірлікті күшейту, отбасында парасаттылықтың мәдениеттіліктің негізін қалауға ықпал ету, кітапханаға оқырман тарту.
Кітап көрмесіне отбасында саналы, өнегелі тәрбие беруге үлес қосатын отбасы туралы әдебиеттер : «Берік болсын босаға», Ж.Байжанованың «Ана дәптерінен», Ф.Бизақова, Ш.Мамашбаеваның «Отбасылық дағдарыс психологиясы», Е.Караваеваның «Мені жоспарла», Ж.Мейір, Б.Игенбаеваның «Креативті тәрбие», Д.Сүлейменовтің «Ең бақытты әйел» және т.б журналдар мен кітаптар қойылып, кеңінен насихатталды.







