Кітап – жан азығы өмір қазығы
№ 3 кітапханада № 173 орта мектеп оқушыларының ұйымдастырумен «Кітап – жан азығы өмір қазығы» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнінің 1-бөлімінде кітапхана ішіне экскурсия жасалып, кітап көрмелерімен таныстырылды. № 173 орта мектеп оқушылары Б.Уәкіл, С. Уразбаева, Б. Нұрлыбек, Н. Сейдулла т.б. ақын М. Әлімбаевтың «Кітап туралы ой», Ш. Бейсенгожанованың «Кітап – ақылшың, досың», «Кітап білім бұлағы», т. б. өлеңдерін оқыды. «Мен оқыған кітаптар» атты 2-ші бөлімінде оқырмандар өздері оқыған кітаптары жайлы өз ойларын ортаға салып, викториналық сұрақтарға жауап берді. «Кітап – асыл қазына» атты жаңа форматтағы көрме инсталляциясы оқырмандар назарына ұсынылды. № 173 орта мектептің кітапханашысы Омарова Ләззәт кітап оқу – рухани байлық, ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен деп қорытындылады.









