Ленинградтық өренім
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында Жамбыл Жабаевтың “Ленинградтық өренім” атты талай жүрекке жігер сыйлаған, талай кеуденің үмітін оятқан, ақынның рухты жырынан жас оқырмандар қатысуымен әдеби монтаж ұсынады.
1941 жылдың 8 қыркүйегінде неміс басқыншылары Ленинградты қоршауға алып, бомбаның астында қалдырды. Қала тұрғындары ерекше ерлік көрсетті, жауға берілмеді. Ресейдің ең маңызды екі қаласының бірі жау қоршауында қалғанынан бүкіл Кеңес үкіметі құлағдар етті. Міне, осы кезде Жамбылдың атақты “Ленинградтық өренім” атты жыры дүниеге келді. Ленинградтан мыңдаған шақырым шалғайда жатқан қарт ақын жау қолында қалған халықтың жан азабын жақсы түсінді. Мәскеуді көргенімен, Ленинрадқа табаны ешқашан тимесе де, халық рухын көтерген тамаша толғау жазды. 1944 жылдың 14 қаңтарында 900 күн жаудың тас құрсауында азапты күн кешкен халық ақыры азаттыққа жетті. Мұнда ленинградтық әр тұрғын жатқа білетін Жамбыл поэмасының үлкен үлесі бар еді. Жамбылды орыс халқы жай ғана жыр жазды деп емес, қала қорғаушыларының қатарында, әскер сапында барлығымызбен қатар тұрды деп қабылдады.
2003 жылы Санкт-Петербург қаласының 300 жылдық мерейтойына орай Жамбыл ескерткіші бой көтерді. Бүгінде Санкт-Петербург қаласына табан тіреген әр қазақты домбырасын ұстаған Жамбыл ескерткіші күтіп алады. Жамбыл ақынның өлеңі барлық халықтарды достасып, бірге жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа шақырған тәрбиелік мәні зор туынды.
Әдеби монтаждың мақсаты: Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа таныстыру, насихаттау, кітапханаға оқырман тарту болды.







