Кәсіпкер –заман талабы
№19 кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Кәсіпкер –заман талабы» атты онлайн бизнес сағаты өткізілді, Шараның қонағы жас кәсіпкер Жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу бөлімінің аға кеңесшісі Оразмаханов Жандос Шынжырбайұлы болды. Кеш қонағы оқырмандардың шағын және орта кәсіпкерлік жайлы білімдерін жетілдіру, қаржылық сауаттылықтарын арттыру, өмірде табысқа жету мен жетістік шыңын бағындыру, болашақта өз кәсіптерін ашуға бағыт-бағдар, қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында өз кеңестерін берді.







