Қызықты сұрақтар
№15 Талсуат ауылдық кітапханасында кітапханаға саяхат кітаптар мерекесіне орай жас оқырмандар арасында өткізілді. Балаларға кітап қорындағы анықтамалықтар мен энциклопедиялар, сөздіктер, балаларға арналған ертегілер мен көркем шығармалар кеңінен таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету жолдары айтылып, кітапхана ережесі, электронды әдебиеттермен қатар GR-КОД арқылы кітап жіктеу жолдары таныстырылды. «Қызықты сұрақтар» айдары бойынша білімдерін сынға салып, оқыған кітаптарының мазмұнын айтты.








