Саф алтындар мәдениет иелері
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында 21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне байланысты «Саф алтындар мәдениет иелері» атты кездесу кешіі Абай мәдениет үйі және №5 кітапхананың ұйымдастырылуымен өткізілді. Кешке .Саналы ғұмырларын ауылдың рухани мәдениетін көтеруге атсалысқан ардагерлер, мәдени қызметкерлер Қайролла Досымбаев, Мария Айтпаева, Рәшкүл Өксікбаева қатысып, өздерінің парасатты да, өнегелі өмір жолдарынан сыр шертті. Шара барысында ән-жырдан шашу шашылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. .Кешті Мәдениет үйінің директоры Әубәкір Жарқынбек қорытындылап,мәдениет саласының қызметкерлерінің бүгінгі төл мерекелерімен құттықтады және ардагерлерге сый-сияпат табыс етті.







