Еңбек – ердің көркі
№13 балалар кітапханасы «Еңбек – ердің көркі» атты онлайн өнеге сағатын оқырман назарына ұсынады.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге , үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез – құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта – жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам ғана өмірде құрметке бөленеді. Қорыта айтқанда адам тек еңбектің арқасында жетіліп дами бермек.







