Жаңалық жаршысы-жаңа кітаптар
№17 кітапхана тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында кітапхана қорына түскен жаңа әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Жаңалық жаршысы-жаңа кітаптар» атты онлайн шолуды оқырман назарына ұсынады. Шолуда Сәпен Аңсатовтың «Айтарым бар», Рысты Бекбергенованың «Өлеңім-менің тұңғышым», «Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары», А. Сәдібекұлының «Жұмыр жерде біз бармыз» танымал ақын-жазушылардың шығармалары таныстырылып, еңбек адамдарының өнегелі де парасатты өмір жолдары, өлең-жырды жанына серік еткен оқырмандарға арналған жыр кітаптары оқырмандарға насихатталды.







