Қасырет құрбандарына мәңгі тағзым
№6 кітапхана Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында 31 мамыр саяси қуғын –сүргін күндерін еске алу күніне «Қасырет құрбандарына мәңгі тағзым» атты тағылым сағатын оқырман назарына ұсынады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданып 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.
1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды.
Шарада жазықсыз жандарды құрбан еткен сол зұлматты жылдардың ауыртпалығы, тарихымыздың ақтаңдақтары, тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалар туралы мәліметтер берілді.







