Қайырымдылық-жылы жүректен
№15 Талсуат ауылдық кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында 1маусым- Балаларды қорғау күніне «Қайырымдылық-жылы жүректен» атты шара ұйымдастырып, көп балалалы және мүгедек баласы бар Алмағамбетов Гайдардың отбасына барып мерекелік құттықтау жасады. Балалаларға қызықты кітаппен тәттілерден сый тарту еткен кітапханашы балалар жүрегіне кішкене болсада мейірім мен жұлулық ұялатқандай болды.







