» » Балғын балалар – Қазақстан болашағы

Балғын балалар – Қазақстан болашағы

     А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана  Балалар бұрышы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында    1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне  «Балғын балалар – Қазақстан болашағы» атты мерекелік ертеңгілік өткізді.
Адам өміріндегі үлкен бақыт - ұрпақ өсіру, тәрбиелеу мақсатында өткізілген шараға № 140 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары мен шағын орталық тәрбиеленушілері қатысты. Бақытты балақайлар ән шырқап, би билеп, өлеңдер оқыды, викториналық ойындарға қатысты. Сонымен бірге  шараға арнайы ұйымдастырған  «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесімен кітапханашы А.Жылкелдиева таныстырып, балаларды кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерге шолу жасап, өскелең ұрпақты кітапханаға кітап оқуға шақырды. Балалар да көрмедегі кітаптарды көріп, қызығушылық танытты.  Ертеңгілік  соңында  балаларға балмұздақтар таратылып,  әсерлі ән жырмен аяқталды.

 
01 маусым 2021 ж. 509

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам