Балғын балалық шақ!
№ 12 кітапхана және Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және мектеп оқушыларының жазғы демалыстарын тиімді өткізуге ықпал жасау мақсатында «Балғын балалық шақ!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында кітапхананың кішкентай оқырмандары Асылнур Амангелдіқызы, Айша Берікқызы, Алдияр Ерболатұлы, Райана Шынтасқызы, Інжу Айтбайқызы, Ягнусов Байсал, Жансая Нұрсултанқызы, Рабия Алдажар т.б Отан, бейбітшілік, ата-ана, ұстаз жайлы әндер шырқап, мәнерлеп өлең оқыды. Мың бұрала би билеп, шара көркін ашты. Мерекелік шара қызықты да мазмұнды өтіп көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.







