Шуақты балалық шақ
№19 кітапхана Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Парасат жолы» жобасы аясында 1-маусым Балаларды қорғау күніне «Ханшайым ана» балабақшамен бірлесіп «Шуақты балалық шақ»-атты мерекелік шара ұйымдастырды. Шарада жас бүлдіршіндер ақындар өлеңдерін жатқа оқып, әндер шырқады, би биледі. Сонымен қатар жомарт жандардың сый-сияпатарына ие болды.







