Бала- біздің болашағымыз
№5 Абай ауылдық кітапханасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында мәдениет үйімен бірлесе отырып 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала- біздің болашағымыз» атты ертеңгілік өткіді. .Шара барысында балалар тақпақ айтып, ән шырқады. Әр түрлі тақырыпта «Бейбітшілік», «Нұрсұлтан», «Менің елім кең байтақ Қазақстан», «Тәуелсіздікке 30 жыл», «Әлем балалар көзімен»т.б өздерінің ойларынан туындаған суреттер салып, өз өнерлерін көрсетті.Барлық шараға қатысушы балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, балалардың жүрегіне қуаныш сыйлады.







