Өмірдің гүл жайнаған балғындары
№ 2 балалар кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне «Өмірдің гүл жайнаған балғындары» атты ертенгілік кітапхананың сыртқы ауласында ұйымдастырылып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Шара барысында «Ляйлім» балабақшасының ересек тобының бүлдіршіндері хормен «Мен бақытты баламын», «Ұстазым» әндерін орындаса, «Қазақ биі», « Көңілді биін» мың бұралған бишілер орындады. Шараға белсенді қатысқан №222 және №233 мектеп оқушылары да өз өнерлерін ортаға салды. Мереге арнайы шақырылған мұмкіндігі шектеулі балаларға кітап пен тәттілер сыйға берілді. Көрермендер де тыс қалған жоқ, қөрермен арасында ойын өткізіліп, сыйлықтар таратылды.Шара соңында барлық қатысқан балаларға кітапхана атынан балмұздақ пен тәттілер таратылды.







