Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған...
№20 кітапхана қызметкерлері «Парасат жолы» жобасы аясында «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған...» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында кітапхана оқырманы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған Құлжымырова Сәуленің үйіне барып, Қайратұлы Нұрмұхаммедті мерекесімен құттықтап, ақылына ақы сұрамайтын, баланың ой-өрісін дамытатын танымдық кітаптарды сыйға беріп, тәттілерден тарту жасады.







