Қасірет құрбандарына мәңгі тағзым
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың «Парасат жолы» орталығында 31 мамыр –Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасірет құрбандарына мәңгі тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізілді.
Библиографиялық шолу - өскелең ұрпаққа ХХ ғасыр басында қазақ жерінде өткен тарихи оқиға – саяси қуғын сүргін репрессиясы, аштық генициді туралы таныстыру мақсатында өтті. Шолу барысында қазақ елінде жазықсыз жапа шеккен ел зиялылары мен арыстары туралы, өмірі мен ерлігі туралы баяндалған «Алаштың ардағы», «Алаш арысы», «ХХІ ғасырдағы алаштың ақ жолы», Б.Қойшыбаев «Жазықсыз жапа шеккендер», Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы «Алаш қозғалысы» және т.б кітаптар таныстырылып, ақпарат берілді.







