Балаларға базарлық
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапхананың мереке қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Балаларға базарлық» атты мерекелік тартуы жалғасын табуда. Мүмкіндігі шектеулі кітапхананың жас оқырманы Марат Санжарға, ертегі кітаптар мен тәттілерді сыйға берді.







