Елдігіміздің еңселі символы
№14 кітапхана және клуб қызметкерлері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне «Елдігіміздің еңселі символы» атты танымдық шараны №189 мектепте оқушылар мен мұғалімдер қатысуымен өткізді.
Шара барысында интеративті тақтадан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жайлы ақпараттар беріліп, «Елдігіміздің еңселі символы» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалды.







