Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің мызғымас тұғыры
№6 қалалық кітапахана мен Облыстық Ардагерлер үйі бірлесіп Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында 4 маусым Мемлекеттік Рәміздер күніне «Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің мызғымас тұғыры» атты патриоттық кеш өткізді. Шараның мақсаты: Жастардың отансүйгіштік сезімін ояту, патриотизмге үндеу, батылдыққа тәрбиелеу мақсатындағы кеште аға буын өкілдері жастарға тәлім тәрбиелік әңгімелер айтып, рәміздерімізге құрметпен қарауға шақырды. Кітапхананың жас оқырмандары Г.Әшірбекқызы, А.Ұзақбаева, М.Қасымқызы, Ұ.Бірлескенқызы рәміздер туралы ақындар өлеңдерін оқып, Облыстық Ардагерлер үйінің мәдени қызметкерлері А.Үсенов, А.Қашақбаев «Атамекен», «Көк тудың желбірегені», «Қазақстаным», «Атамекенім» әндерін орындады. Шараның соңында ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалды.







