Жан жылуы

   А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында  мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға «Жан жылуы» акциясын ұйымдастырды.
   Акция барысында  кітапхананың «Коворкинг», «Парасат жолы» орталықтары, абонемент пен оқу залы таныстырылып, оқырмандар игілігі үшін  күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыс түрлері, жаңадан түскен әдебиеттер, мерзімді басылымдар таныстырылып, кеңінен насихатталды. Шара соңында  «Ең қымбат қазына - Кітап» деген дана халқымыз айтып өткеніндей, мүмкіндігі шектеулі жас оқырмандарға сыйға  кітаптар ұсынылып, тәттілер тарту етілді.

   
03 маусым 2021 ж. 428

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам