4 маусым -Мемлекеттік Рәміздер күні

    А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында 4 маусым -Мемлекеттік Рәміздер күніне орай ашық есік күнін ұйымдастырды.
      Шараның мақсаты –Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерді нығайтып,  рәміздердің пайда болуы мен тарихтағы маңызы жайлы ақпарат бере отырып, өскелең ұрпақты  Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, халқына  адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге шақыру.
      Ашық есік күніне кітапханаға жақын орналасқан жоғары колледж студенттері мен мұғалімдері, Қызылорда облыстық қылмыстық – атқару департаментінің  қызметкерлері қатысты. Шараға қатысушылар  арнайы  ұйымдастырылған «Тәуелсіз елдің тірегі» атты кітап көрмесімен танысты. Кітап көрмесіне ұлттық мақтанышымызға айналған-рәміздеріміз жайлы жазылған әдебиеттер, мақалалар қойылып, оқырмандарға кеңінен  насихатталды.

03 маусым 2021 ж. 405

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам