Мемлекеттік рәміздер-Ұлттық мақтанышымыз
№18 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Парасат жолы" жобасы аясында 4 маусым- Рәміздер күніне "Мемлекеттік рәміздер-Ұлттық мақтанышымыз" атты патриоттық сағат өткізілді.
Жас оқырмандарды отанды сүюге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу мақсатындағы шара мемлекетіміздің Әнұранымен басталып, шара жүргізуші кітапхана оқырманы Айбас Айымжан шынайы дербестік нышандары болып табылатын Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыздың қасиеттерін атап өтті.
Жас оқырмандар ақындар өлеңдерін жатқа оқып, "Көк тудың желбірегені" әнін елжандылық сезіммен шырқалды. Отан туралы мақал-мәтелдер айтылып, "Білімдінің көзі ашық" айдары бойынша ойын ойнатылды. Кеш соңында кітап сүйер оқырмандарға сыйға кітаптар тарту етілді.







