Қазақтың туыстық атаулары
№4 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы » жобасы аясында оқырмандарға ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан туыстық атаулары жайлы мәлімет беру, туыстық байланысты қадірлеп, бауырларына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыруға, өзара қарым-қатынасты нығайтуға, ибалы, текті, тәрбиелі азамат болуға ықпал жасау мақсатында «Қазақтың туыстық атаулары» атты шолу өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға туыстық жағынан кімнің алыс, кімнің жақын туысқан екенін, халқымыздың ежелден келе жатқан «Жеті ата» шежірелік жүйесі, жігіттің үш жұрты, кішінің үлкенді, үлкеннің өз тарапынан кішінің кішілігін сыйлау жайлы халқымыздың қанына сіңген асыл қасиеттері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жайлы жазылған «Қазақтың салт –дәстүрлері», А.Нүсіпоқасұлының «Тал бесіктен жер бесікке дейін», «Үш жұрт», «Жеті атаңды білесің бе?» атты кітаптарымен мерзімді басылым беттеріне шолу жасалды.







