Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбарлы, Елтаңбасымен еңселі-Қазақстан!
№8 кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығыга орай "Парасат жолы" жобасы аясында 4 маусым-Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай "Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбарлы, Елтаңбасымен еңселі-Қазақстан!" атты "Аңсар-Кәусар 2020" мектебі жанынан құрылған лагер оқушыларымен әдеби оқу өткізілді. Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге, елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл- қыздар тәрбиелеу мақсатындағы шара барысында мәнерлеп өлеңдер оқылып, қызықты ойындар ойнатылды.







