Ел рәміздері – ел рухы
№20 кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Парасат жолы» жобасы бойынша 4 маусым - ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай оқырмандардың Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет сезімдерін арттыру, мақтан тұтуға, дәріптеуге баулу, танымдарын кеңейту мақсатында «Ел рәміздері – ел рухы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, Мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихы, олардың мән-мағынасы жайлы ақпараттар айтылды. Қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимнге деген терең құрмет сезімін қалыптастыратын үш тілде жарық көрген «ҚР Мемлекеттік Рәміздері Тәуелсіздік нышандары», Е. Шаймерденовтың «ҚР Тәуелсіздік Рәміздері», «Мен – Қазақстан азаматымын», «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан», А. Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені», С. Қалиұлының «Менің елім» және т.б. әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылған «Рәміздерім - мақтанышым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Кітапхана оқырмандары М. Аманжолова, М. Құрбанбай, А. Мейрамбек, А. Айболқызы, Ш. Мұзаппар қазақ ақындарының Тәуелсіздік, Отан, Мемлекеттік Рәміздеріміз жайлы жазылған патриоттық өлеңдерін оқып, М. Мұзаппар қазақтың қасиетті домбырасымен жырдан шашу шашты.







