Еліміздің нышаны –еңсеміздің айбыны
№19 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне «Еліміздің нышаны –еңсеміздің айбыны» -атты патриоттық кеш өткізілді. Шараның мақсаты: жастардың отансүйгіштік сезімін ояту,патриотизмге үндеу, рәміздерге құрметпен қарауға шақыру. Шара кітапхана оқырмандары «Болашақ» колледж студенттері №140, №12мектептердің оқушылар мен мұғалімдер қатысуымен өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жайлы ақпараттар беріліп, кітапхана оқырмандары А.Аяғанұлы, А.Анес, М.Сәрсенбай Мейіржан туған жер, рәміздер, ту, елтаңба туралы ақындар өлеңдерін жатқа оқыды.







