Алаштың ұлы перзенті
18 Сәуір Халықаралық мәдени орындарды қорғау күніне орай Абай ауылдық мәдениет үйі мен №5 кітапхананың ұйымдастыруымен «Алаштың ұлы перзенті » атты әдеби оқу Мұтафа Шоқай ескерткіші маңында өткізілді. Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысы Есмаханов Алмасбек Әділқасымұлы сөз сөйлеп, мәдени құндылықтарымызды сақтап, оларға құрметпен қарау жас ұрпақтың негізгі міндеті екендігін атап өтті. №138 және №280 орта мектеп оқушылары Мұстафа Шоқай жырынан үзінді оқып , ерлігін тыңдаушы жүрегіне жеткізді. Патриоттық әндер шырқалып, әр ұлттың билері орындалды.








