Рәміздерім-елдігімнің айғағы
№11 Талдыарал ауылдық кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында Мемлекеттік рәміздер аллеясында мектеп оқушыларының қатысуымен «Рәміздерім-елдігімнің айғағы» атты патриоттық кеш өткізді. Әнұран шырқаумен басталған іс-шарада рәміздер туралы толық мағлұматтар беріліп, жас оқырмандар мәнерлеп ақын жырларын оқыды.








