Гүл өмірдің жыры, сұлулық сыры
№9 Ақжарма ауылдық кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жас бүлдіршін оқырмандардың жазғы уақытын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатындағы "Жазғы кітап " бағдарламасы аясында "Гүл өмірдің жыры, сұлулық сыры" атты сурет салу сайысы ұйымдастырылды.
Жас оқырмандардың талғамына сай салыңған сүйікті гүлдерінің суретін видео арқылы жариялап отырмыз. салып, Ең көп лайк жинаған оқырман жеңімпаз деп танылады.
Әр гүлдің түрлері мен ерекшеліктері, гүлдің пайдасы туралы оқушылардың білімдерін тереңдету, таным қабілеттерін дамыту, табиғатты сүюге, әдемілікке деген құштарлықты оятып, елімізді жасыл желекке айналдырып, гүлденуіне үлес қосуға тәрбиелеу, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру мақсатындағы шараға атсалысып жас оқырмандарымыздың еңбектеріне баға беріңіздер желі қолданушы оқырмандар. Видеоны көре отырып өзіңізге ұнаған оқырманның фамилиясы мен атын комментарийге жаза кетіңіз. Ең көп лайк жинаған оқырман жеңімпаз деп танылады.







