«Фолиант» баспасы көрме-жәрмеңкеcі
Қаламыздың Орталық алаңында балалар әдебиеті жылына орай «Фолиант» баспасы көрме-жәрмеңке өткізіп, Қалалық кітапханалар жүйесі қызметкерлері қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларымен қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларымен танысып, қызықты әдебиеттер көрсетілімімін қызықтап қайтты.
«Фолиант» баспасы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосып, 100 томдық «Бабалар сөзін», 4 томдық «Ұлы дала тарихын», 20 томдық «Тарих-адамзат ақыл-ойының қазынасы» серияларын кітап сүйер қауымға тарту еткен болатын.
Бұл шараның мақсаты-балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдап, олардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және баспа өнімдерін балалар кітаптары мен үздік көркем әдебиеттерді қала тұрғындарына таныстыру болатын. Қалалық кітапханалар барша жастарды, қала тұрғындарын кітап оқып, рухани бай болуға шақырады.








