Ұлы баба мұрасы

   №17 кітапханада Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында ұлы ойшыл, жырау Қорқыт баба өмірін насихаттау мақсатында «Ұлы баба мұрасы» атты танымдық кеш өткізілді. Ел аузындағы аңыз бойынша, ең алғаш қобыз жасап, оның қыл ішегінен жаратылыстың үнін күй қылып сөйлеткен адам – Қорқыт атамыз болып табылады.  Қорқыт қобызын сарнатқанда табиғат  тына қалып, жер жиһан, ұшқан құс, жүгірген аң- барлық тіршілік иесі  үн-түнсіз таңдана да тамсана тыңдайды екен. Қалалық «Әңгіме айта білесіз бе?» байқауының жеңімпазы кітапхана оқырманы Нұрман Рысбай Қорқыт Ата мұрасы, аңыз-әңгімелер төңірегінде ой-толғамын ортаға салды. Қорқыттың өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар.

 
10 маусым 2021 ж. 6

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам