Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

    2021 жылдың 10 маусымында  № 16 қалалық кітапханада  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай  «Парасат жолы» жобасы аясында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
    Шара барысында: Қазақ «тіршіліктің тірегі, әлемдегі ізгіліктің алтын діңгегі» деп бағалаған қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Себебі бүкіл адамзат қыздан тарайды. Қыз келін болады, келін анаға айналады, ана «әже» деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын немересіне, одан шөбересіне жеткізуші де, дамытушы да – әрине әйел-ана. Шараның құрметті қонақтары болған ұлағатты ұстаздар  Арысбаева Маржан, Бершиева Расалды,  облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Мұханбетқызы Толқын, «Сенім» емханасының мейірбикесі Жұмағұлова Фарида, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешісі Жайлыбаева Береке жас оқырмандарға өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қайтсек қыздарымызға дұрыс тәрбие береміз, олардың парасатты, ақылды болуына қалай ықпал етеміз, зиянды әрекеттерден сақтану жолдары жайында ақыл-кеңестерін айтты.
    Шараның мақсаты: Жас қыздарымыздың жат қылықтардан аулақ болып, ибалы, тәрбиелі, ақылды, парасатты болып қалыптасуына ықпал ету.

10 маусым 2021 ж. 7

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам