Табиғат және біз
№20 кітапхана Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жазғы кітап» жобасы аясында жас оқырмандардың жазғы демалысын тиімді өткізуге ықпал жасау, туған жердің табиғатын аяулауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу, табиғаттың тылсым сырлары жайлы таным көкжиектерін дамыту, кітапхана қорындағы жаратылыстану саласындағы қызықты кітаптарды насихаттау мақсатында «Сыр бөбегі» балабақшасының «Ғибрат» тобының тәрбиеленушілерімен «Табиғат және біз» атты библиодесант ұйымдастырды. Іс-шара барысында балабақша тәрбиеленушілері еліміздің сырға толы таңғажайып табиғаты, көрікті жерлері, фаунасы мен флорасы жайлы айтқан кітапханашының сөзін ықыласпен тыңдады. Жас оқырмандар өздерінің табиғат жайлы өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Қызықты ойындар ойнап, көңіл-күйлерін көтерді.







