Шебердің қолы ортақ
№19 кітапханада жастарға халқымыздың қолөнер түрлерін насихаттау, олардың қолөнерге деген бейімділіктерін арттыру, ұлттық өнерімізді қадірлеп-қастерлеуге қалыптастыру мақсатында қолөнер бұйымдарынан «Шебердің қолы ортақ» атты көрме ұйымдастырылып, шеберлік сағаты өткізілді. Шарада мүмкіндігі шектелулі жандардың өз қолдарымен жасалған туындылары көрмеге қойылып, көпшілік қызығушылығын тудырды.







