Табиғаттың тылсым сырлары
№1 кітапхана Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Парасат жолы» жобасы аясында қалалық №11 мектеп – лицейінің жанынан құрылған «Ақ көгершін» тынығу лагерінің оқырмандарының арасында «Табиғаттың тылсым сырлары» атты әңгіме өткізілді. Шараға «Қыран» және «Жасұлан» тобындағы оқырмандар қатыстырылып, әңгіме барысында «Табиғатты аялай білейік» атты кітап көрмесі насихатталып, телевизордың «Ютуб» каналынан оқырмандар Қазақстанның бай табиғатымен саяхат жасады.
Мақсаты: Жас жеткіншектердің шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу, іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелей отырып, экологиялық тәрбие беру. Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарауды ұғындыру.







