Даланың дана диханы
№14 кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жобасы» аясында жас оқырмандар қатысуымен Сыр өңірінің мақтанышы, ақ күріштің атасы, Ыбырай Жақаевтың туылғанына 130 жыл толуына «Даланың дана диханы» атты танымдық шара өткізілді.
Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлық иегері Ы.Жақаевтың парасатты өмірі мен ерен еңбек жеңістері жайлы ақпарат беру мақсатындағы шарада А.Х Айдосовтың «Дала академигі Ы.Жақаев және оның ізбасарлары» кітабы бойынша қанатты сөздері де оқылды.







