Жаңа кітап сізге, келіңіздер бізге

     №14 Белкөл кенті  кітапханасының ұйымдастыруымен  23 сәуір Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық күніне  орай  «Жаңа кітап сізге, келіңіздер  бізге»  атты   ашық есік күні  №189 мектептің  оқушылары және ауыл ардагерлері арасында өткізілді.   
 Адамзат  руханиятының ең басты құралы - кітаптың  ұлылығын дәріптейтін  қазақ, әлем зиялыларының  сөздері, ой-пікірлері  айтылды.  Кітап туралы қызықты оқиғалар,  әлемдегі ең ауыр кітап, көп тілді кітаптар, сыр сүлейлерінің шығармалары  жайлы  мағлұматтар келтірілді.  Елімізде кітап басып шығаратын баспалар туралы, мерзімді басылымдар жай  мағлұматтар  берілді.
     «Ұлы даланың жеті қыры» , «Бір ел –бір кітап», «Жастар және кітап»  тақырыптарындағы  кітап көрмелері арқылы жаңа түскен әдебиеттермен, түрлі топтамалармен, электрондық кітаптармен  оқырмандар танысты. 


24 сәуір 2019 ж. 1 247

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам