Қостамнан шыққан қайраткер
№5 Абай ауылдық кітапханасы Тәуелсіздіктің30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында облыстық дәрежедегі қайраткер , Ерен еңбегімен елге танылған Жүсіп Бисариев туралы «Қостамнан шыққан қайраткер» атты танымдық шараны желі пайдаланушылар назарына ұсынады. Жүсіп Бисариев Абай елді мекенінің тумасы,қоғам қайраткері және соғыс ардагері. Ол Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, Ұлы Отан соғысының бірнеше медальдарымен марапатталған. Сонымен қатар «Еңбектегі ерекше еңбегі» үшін медальмен және «Республикаға еңбегі сіңген қайраткер» деген құрметті атаққа ие . Жақсының аты өшпейді, ізі жоғалмайды. Көзі кетсе де, ел арасында жақсы ісі қалған парасатты ел ағаларын келешек ұрпаққа насихаттау біздің міндетіміз.







