Ертегілер елінде

    №20 кітапхана Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында жас оқырмандарды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып,  балалардың тілін, қиялын, сөздік қорын, ой-өрістерін дамытуға, асқар биіктерге жетелей отырып, адалдыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Сыр бөбегі» бөбекжай бақшасында «Ертегілер елінде» атты ертегі терапиясын ұйымдастырды. Кітапханашы жас оқырмандарға тілге жеңіл, оқиғалары мазмұнды, қызықты, сюжетті «Қарттың ұлына өсиеті», «Жақсылық пен Жамандық», «Қарт пен тапқыр жігіт» және «Қайырымдылық» атты ертегілерді нақышына келтіре әңгімелеп берді. Іс-шара соңында ертегіні зор қызығушылықпен тыңдаған балалар ертегіден алған әсерлерімен бөлісіп, көңілді ойындар ойнады.

18 маусым 2021 ж. 485

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам