Тамаша табиғат
№14 кітапхана жас оқырмандардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу, кітап оқуға баулу мақсатында «Жазғы кітапхана» бағдарлама аясында «Тамаша табиғат» атты қызықты хабарлама сағатын өткізді.
Шара барысында кітапханашы «Табиғат» атты танымдық энциклопедиядан жердің жаратылуынан бастап, табиғаттың ластануы, ең ірі табиғат апаттарға дейін қызықты мәліметтермен таныстырды. Кітап қорындағы баларға арналған басқа да танымдық «Жер», «Таулар» т.б. энциклопедиялар оқуға ұсынылды. Табиғат жайлы мақал-мәтелдер айтып оқушылар белсенділік танытты.







