Жастар және кітап

     № 14 Белкөл кенті кітапханасының ұйымдастыруымен    23 сәуір  Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай  « Жастар және кітап» атты жастардың қатысуымен флешмоб өтті. 
     Шара мақсаты: жастарды жаңа түскен кітаптармен таныстырып, жастарды кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапханаға оқырман тарту. Шара барысында бүгінгі кітап күніне кітап жайлы, автор жайлы кеңінен  мағлұматтар берілді. Көрмеге "Жас толқын" сериясымен жас қаламгерлердің туындылары қойылды. Көрмеге Назира Бердалы, Жасұлан Серік, Серікбол Хасан, Жандарбек Жұман, Әлібек Уәлиханұлы іспетті жас ақын- жазушылардың еңбектері оқырмандарға таныстырылды. Жас ақын Нәзира Бердалының "Ару әлем" атты кітабы, оқырмандардың сұранысына ие болды. Нәзира Бердалы өлеңдері көбіне махаббат, туған жерге сағыныш, табиғат жайлы өрнектеледі. Сонымен қатар көрмеге Серікбол Хасанның кітабы, кеңінен талқыланды, Автор өлеңдерінде ислам, дін, жастық шақ, өмір жайлы сыр шертеді. Жас оқырмандар жаңа кітаппен таныстырылып, кітапханаға жаңа оқырман боп тіркелді. Флешмобқа жастар қатысып, жаңа кітаптармен танысып, өздерне керек ақпаратты алды.  


24 сәуір 2019 ж. 1 490

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам