Тазалық пен тәртіп патшалығында
№7 кітапхана Қарауылтөбе ауылдық кітапхана оқырмандарды білімділікке, салауатты өмір сүруге, ұқыпты, жинақы, ортаны таза ұстап, аялап, өз денсаулығын күте білуге үйрету мақсатында «Тазалық пен тәртіп патшалығында» атты ойын саяхат өткізді. Ойын саяхат ауылдық ФАП-та өткізіліп, олардың атқаратын қызметтерімен жас оқырмандар танысты.
Егу бөлменің аяжаны оқырмандарға адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажеттігі, яғни қолдарын әрдайым таза ұстау, жаттығу жасау, спортпен шұғылдану, дәрумені мол тағамдарды жеу, жеміс жидектерді, көкөністерді жуып жеу керектігі туралы айтты.
Адам денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың-жаны сау»деп орынды айтқан. Денсаулықтың досы-тазалық. Ол үшін біз жеке гигенамызды таза ұстауымыз керек деген қағидадмен шара қорытыланды.







