Кітап - ғажайып әлем

    №12 кітапхана «Жазғы Таймс» танымдық-шығармашылық мектеппен бірлесіп Тәуелсізідігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» аясында «Кітап - ғажайып әлем» атты сайыс өткізді. Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатындағы шара барысында төрт топқа бөлінген жас оқырмандар мақал-мәтел айтып жарысып, жарыса өлең оқып, ертегі қойылымдарын сахналады. «Кітап-қазына» атты би қойылымымен басталған шара балаларға көтеріңкі көңіл-күймен сайысқа деген белсенділік, шабыт сыйлады. Балалар әдебиеті мен балалардың кітап оқуын қолдау жылы аясында «Кітап-сенің серігің атты» кітап көрмесі жасалып, балалар кітаптары кеңінен таныстырылды. Балалар белсенділігі мен кітапқа деген қызығушылықтары ескеріле отырып, өнерлі төрт топта жеңімпаз деп танылып, марапатталды. Соңынан №12 кітапханаға саяхат жасады. 



21 маусым 2021 ж. 536

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам